2026 жылғы 17–19 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 16.09.2026

Алдағы күндері Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың жылдам ауысуы күтіледі. Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының төмендеуіне себеп болған антициклонның артынан еліміздің батыс, кейін солтүстік өңірлеріне жаңбыр, найзағай және екпінді жел алып келетін циклон жылжи бастайды.

Ал республиканың оңтүстігінде Өзбекстан аумағынан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз, негізінен жылы ауа райы сақталады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз