2026 жылғы 22–24 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 21.09.2026

Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен бірге жаңбыр жауады деп болжанады. Бұл ретте ауа температурасы жылдың осы кезеңіне тән жайлы деңгейде болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз