«Қазгидромет» бас директоры Қытай-Орталық Азия метеорологиялық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі

IconЖарияланды 22.09.2026

Үрімші қаласында «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Алимбаева Екінші Қытай-Орталық Азия метеорологиялық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол заманауи ерте ескерту жүйелерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Климаттық тәуекелдер трансшекаралық сипатқа ие және Орталық Азия елдерінің бірлескен іс-қимылын талап етеді. Сондықтан өңірдің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері мен ғылыми қауымдастықтарының сенімді әріптестігі гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, климаттық сын-қатерлерге жедел ден қоюға және нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Форум аясында қатысушылар ауа райын болжау мәселелерімен қатар, жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз