Қазгидромет Орталық Азия елдеріне ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ұсынды

IconЖарияланды 28.09.2026

«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Алимбаева Қытай – Орталық Азия метеорологиялық форумы аясында өткен дөңгелек үстел отырысында сөз сөйледі.

Талқылаудың негізгі тақырыптары өңір үшін бүгінгі таңда аса маңызды мәселелерге арналды. Атап айтқанда, ауа райы болжамдарының дәлдігін арттыру, қауіпті құбылыстар туралы алдын ала жедел ескерту және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Данара Алимбаева «Қазгидромет» жоғары ажыратымдылықтағы сандық модельдерді қолданып, деректер алмасудың өңірлік жүйесін дамытып келе жатқанын және Орталық Азия үшін су тасқынын болжаудың FFGS жүйесінің жұмысына қатысатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Қазақстан жасанды интеллект пен MAZU жүйесін кеңінен қолдануды, nowcasting технологиясын дамытуды, Fengyun спутниктерінің деректерін пайдалануды және өңір елдерінің мамандары арасында тәжірибе алмасуды кеңейтуді ұсынады.

Сондай-ақ Қазақстанда, «Қазгидромет» РМК базасында, өңір мамандарына заманауи технологиялар, ауа райын болжау және деректермен жұмыс істеу бағыттары бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу ұсынылды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз