Каспий теңізінің қалыпты егжей-тегжейлі картасы 1719 жылға дейін болған емес. 1719 жылы Бекович-Черкасскийдің алғашқы экспедициясы өтті, оның барысында аймақтар зерттелді, және келесі бірнеше жыл ішінде карта пайда болды.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,67 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,46 м төмендеп, минус 28,06 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,01 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,60 м дейін төмендеп, минус 28,23 м шамасында болады деп күтілуде.
2020 жылғы 03-09 қыркүйек аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 05 қыркүйектегі ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.