«Қазгидромет» пен AuaSense Ltd. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

IconЖарияланды 05.10.2026

«Қазгидромет» РМК мен «AuaSense Ltd.» ЖШС қоршаған орта мониторингі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат аясында тараптар атмосфералық ауаның сапасын мониторингтеуге арналған заманауи шешімдерді енгізу және дамыту бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Пилоттық жоба аясында Түркістан облысында атмосфералық ауаның сапасын мониторингтеуге арналған екі автоматты станция орнату жоспарлануда.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – атмосфералық ауаның жай-күйі туралы халықты ақпараттандыруға арналған бірыңғай ашық цифрлық құрал ретінде «AuaSense Public» платформасын бірлесіп жетілдіру.
Қажетті жұмыстар аяқталғаннан кейін платформа «Қазгидромет» РМК-ға «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында одан әрі пайдалану және дамыту үшін өтеусіз пайдалануға беріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз