Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Кар теңізі аудандарынан келетін циклон анықтайтын болады. Циклон жаңбыр, солтүстіктің орталығында – екпінді желмен қатты жаңбыр тудырады, бұршақ түсуі мүмкін. Одан басқа, солтүстік және орталық аудандарда температура күндізгі уақытта 10-23 градус жылыға дейін төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай күтіледі.