Қазгидрометте Қазақстан-Қытай гидролог-сарапшыларының 7-отырысы өтуде

IconЖарияланды 15.10.2026

2026 жылғы 15–16 қазанда «Қазгидромет» РМК-да Қытай Халық Республикасының делегациясы қатысатын Қазақстан-Қытай гидролог-сарапшыларының тұрақты кездесулер тетігі аясындағы 7-отырыс өтуде.

Отырыс барысында тараптар гидрология саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасып, екі ел мамандары арасындағы кәсіби диалогты одан әрі дамытуға бағытталған келесі қадамдарды қарастыруда.

Мұндай кездесулер гидрометеорология саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және бейінді мамандар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан-Қытай гидролог-сарапшыларының келесі кездесуін 2027 жылы Қытайда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізу жоспарлануда.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз