2026 жылғы 22–24 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 21.10.2026

Қазақстанға аяз келеді

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді.

Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейді.

Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2–7°С аралығында болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз