«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

IconЖарияланды 27.10.2026

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Қымбат Мерғалимованы гидрометеорология саласын дамытуға қосқан үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Қымбат Мерғалимова «Қазгидромет» жүйесінде 2001 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол эколог-инженер, метеоролог-инженер қызметтерінен бастап, 2012 жылдан бері өзі басқарып келе жатқан филиал директорына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Оның басшылығымен гидрометеорологиялық бақылауларды жетілдіру, ауа райы болжамдарының сапасын арттыру және жабдықтарды жаңғырту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жас мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Еңбек жолында ондаған инженер-болжамшыға синоптикалық болжамдар жасауды меңгеруге көмектесті.

Бұл марапат Қымбат Мерғалимованың кәсібилігін, өз ісіне деген адалдығын және Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамытуға қосқан көпжылдық үлесін мойындаудың белгісі болды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз