2026 жылғы 29–31 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 28.10.2026

Жылы ауа райы

Қазан айының соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігінің тұрғындарын жылы әрі қолайлы ауа райы қуантады. Бұл өңірде ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Ал еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі.

Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін құбылады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз