2026 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығындағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 30.10.2026

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының жырасы мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Тек Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.

Республика бойынша ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз