Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Консультативтік болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде қараша айы әдеттегіден 1-2 градусқа жылы, елдің солтүстік-батыс бөлігінде климаттық норма шамасында болады деп күтілуде.
Қазақстан аумағы бойынша бір ай ішінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтілуде. Жауын-шашын, кейбір күндері қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі, тұман және көктайғақ болады деп болжануда.
Қарашаның бірінші аптасында жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы, аздаған бұлтты ауа-райы басым болады. Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында айдың басында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, түнгі уақытта тұман болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің ортасында елдің батыс өңірлерінде белсенді циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан жауын-шашын (жаңбыр, қарға ауысумен) күтіледі, онкүндіктің соңына қарай республиканың қалған өңірлерінде де жауын-шашынмен қолайсыз және желді ауа райы болжануды, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр күтіледі. Тұрақсыз ауа-райы тұманмен, көктайғақ құбылыстарымен және екпіні 15-28 м/с дейін желдің күшеюімен бірге жүреді.
Айдың басында ауа температурасының негізгі фоны:
елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күндіз +12+22°С;
солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысы), орталықта және шығыста түнде -1-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқу, күндіз +5+13°С болжанады.
Бірінші онкүндіктің соңында елдің солтүстік жартысында күндіз температура фонының 0,+5°С дейін, оңтүстік жартысында +8+13°С дейін, батыста +2+10°С дейін төмендеуі күтіледі.
Қазақстанның таулы аймақтарында ауа температурасының түнде -3+2°С-тан-5-10°С-қа дейін ауытқуы, күндіз +2+10°С күтіледі.
Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде жиі ауытқуы бар температуралық фон күтіледі: елдің солтүстік жартысында түнде -1-13°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +1+10°С-тан 0,-5°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында түнде 0,-5°С-тан +2+10°С-қа, күндіз 0,+5°С-тан +7+15°С-қа дейін. Алайда, жекелеген күндері елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі ауа температурасының -10-18°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.