Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасы:
Батыста: түнде 2–9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8–17 градус жылы болады.
Солтүстікте: түнде 2–10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
Орталықта және шығыста: түнде 5–15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.
Оңтүстікте: түнде 1–8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–12 градус жылыға дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста: түнде 3–8 градус, таулы аудандарда 11–16 градус аяз болады. Күндіз 2–10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1–6 градус аяз болады.