Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 11 қарашада Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында «Қазгидромет» РМК өкілдері мен Моңғолияның Ұлттық метеорология және қоршаған ортаны мониторингтеу агенттігі арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар қазіргі өзара іс-қимыл мәселелерін, алдағы жоспарларды және гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін талқылады.
Атап айтқанда, метеорологиялық және гидрологиялық деректер алмасу, ауа райын болжау әдістерін жетілдіру, климаттық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ тәжірибе мен заманауи технологиялар алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
COP31 алаңында өткен кездесу Қазақстан мен Моңғолия арасындағы гидрометеорология саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.