Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 11 қарашада COP31 климаттық конференциясы аясында Түркияның Мемлекеттік метеорологиялық қызметі (TSMS) Әзербайжанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметімен бірлесіп ұйымдастырған «Түркі мемлекеттеріндегі ықтимал салдарларды ескере отырып болжау және ерте ескерту жүйелері» тақырыбында арнайы іс-шара өтті.
Әзербайжанның Ұлттық павильонында өткен іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан метеорологиялық қызметтерінің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың өкілдері қатысты.
«Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева «Түркі мемлекеттеріндегі ықтимал салдарларды ескере отырып болжау және ерте ескерту жүйелері» тақырыбында баяндама жасады.
Қатысушылар ерте ескерту жүйелерін дамыту, елдер арасындағы тәжірибе алмасу және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды болжау саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Әсіресе ықтимал салдарларды ескере отырып болжау тәсіліне көшуге ерекше назар аударылды. Бұл тәсіл қауіпті құбылыстар туралы алдын ала ескертіп қана қоймай, олардың халыққа, инфрақұрылымға және экономикаға тигізуі мүмкін әсерін бағалауға, сондай-ақ қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар БҰҰ-ның «Баршаға арналған ерте ескерту» (Early Warnings for All) бастамасын іске асыру жолдары, техникалық әлеуетті дамыту және түркі мемлекеттерінің метеорологиялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Іс-шара тәжірибе алмасуға және климаттық тұрақтылық пен ерте ескерту саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.