Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан Ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды. Кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Сараптамалық жұмысқа ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары, зерттеушілері мен мамандары шақырылады.
Ғылыми қауымдастықтың ұсыныстары мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін:
ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
ғылыми конкурстар мен сараптамаларды ұйымдастыру;
ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу.
Ұсыныстарды әзірлеу кезінде нақты мәселені айқындап, оның өзектілігін негіздеу және оны шешу жолдарын, соның ішінде заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды көрсету қажет.
Өз ұсыныстарыңызды Құрылтайдың ресми сайтындағы «Қызметі» → «Сараптамалық кеңестер» бөлімі арқылы жолдауға болады. Ол үшін Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.