«Қазгидромет» РМК-ның бас бухгалтері «Үздік қаржы саласының қызметкері» төсбелгісімен марапатталды

IconЖарияланды 17.11.2026


Ұлттық валюта күні қарсаңында, 2026 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде министрлік пен оған қарасты ведомстволық ұйымдардың қаржы саласының қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шара аясында «Қазгидромет» РМК-ның бас бухгалтері Олжас Орқынұлы Мақатов қаржы саласындағы 30 жылдан астам уақыт бойы атқарған жемісті еңбегі мен кәсіби қызметі үшін «Үздік қаржы саласының қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – оның көп жылғы адал еңбегіне, жоғары кәсіби біліктілігіне және қаржы саласының дамуына қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға.

«Қазгидромет» РМК ұжымы Олжас Орқынұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс және алдағы жұмысыңызға жаңа жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз әрдайым лайықты бағаланып, абыройыңыз бен әріптестер арасындағы беделіңіз арта берсін!

Еңбекке құрмет – елге құрмет!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз