Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ құбылыстары және желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасы төмендейді. 28 қарашада күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 0,-5°С, оңтүстік-батысында және шығысында 0,+5°С, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +5+10°С, таулы аудандарда 0,-5°С болады.