Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Министрлік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.
Кеңеске Министрліктің ведомстволарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері, сондай-ақ комплаенс-қызметтердің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйі, анықталған құқық бұзушылықтардың нәтижелері, ішкі бақылау тетіктерінің тиімділігі, сондай-ақ ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары қаралды.
Кеңесті ашқан Министр «Заң және тәртіп» қағидаты әрбір мемлекеттік қызметші үшін мүлтіксіз басшылыққа алынуы тиіс екенін атап өтті. Заңнаманы сақтау, қызметтік тәртіп пен адалдық – атқаратын лауазымына, еңбек өтіліне және жеке байланыстарына қарамастан, мемлекеттік қызметтің міндетті талаптары.
«Министрлігіміздің жүйесінде мемлекеттік қызметке мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Ешбір лауазым, еңбек өтілі немесе жеке қарым-қатынас ешкімге заң талаптарынан аттап өтуге құқық бермейді», – деп атап өтті Әлібек Қуантыров.
Экологиялық реттеу және бақылау, жобаларды іске асыру, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау, рұқсат беру және бюджеттік рәсімдер салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында Министрлік Аппаратының басшысы Ғанижан Асанұлы, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Министр лауазымды тұлғалардың рұқсат беру және бақылау қызметін жүзеге асыру кезіндегі әрекеттерінің заңдылығына ведомстволық бақылауды күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, кеңес қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:
▪️ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сапалы ішкі талдау жүргізу;
▪️ квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы комплаенс-қызметтердің жұмысын күшейту;
▪️ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру;
▪️ рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде азаматтармен және бизнеспен тікелей байланыс орнатуды болдырмау;
▪️ қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты негізде оқыту ұйымдастыру;
▪️ ұзақ уақыт бойы бір лауазымда отырған кадрлардың ротациясын қамтамасыз ету.
Министр ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы басшылардың дербес жауапкершілігіне ерекше тоқталды.
«Әрбір басшы өз бөлімшесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне жеке жауапты болуы, тәуекелдер бар тұстарды білуі, алаңдатарлық белгілерге уақтылы ден қоюы және құқық бұзушылықтарға жол бермеуі тиіс», – деп атап өтті ол.
Қорытындылай келе, Министр сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйелі жұмысты талап ететінін атап өтті. Бұл ретте әрбір басшының жеке үлгісі ерекше маңызға ие. «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік таныту және мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету Министрлік қызметінің тиімділігін арттырудың міндетті шарттары болып қала береді.