Өскемен қаласындағы мониторинг станцияларының уақытша ажыратылуы туралы ақпарат

IconЖарияланды 25.11.2026

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, уақтылы тексеруден (салыстырып тексеруден) өтпеген өлшеу құралдарының өлшеу нәтижелерін ресми деректер ретінде пайдалануға жол берілмейді.

Өскемен қаласында орналасқан жергілікті атқарушы органның атмосфералық ауа сапасын мониторингтеу жөніндегі 25 станциясының (өндіруші – «AuaSens» ЖШС) салыстырып тексеру мерзімінің 2026 жылғы 21 қарашада аяқталуына байланысты аталған станциялардың деректері AIR.KZ мобильді қосымшасында және интерактивті картада уақытша көрсетілмейді.

Өлшеу құралдарының салыстырып тексеруден өткенін растайтын қолданыстағы құжаттар ұсынылғаннан кейін станциялардың деректері ақпараттық ресурстарда қайта көрсетіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз