Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК «Біздің мамандар» атты жаңа айдар ашады, онда Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінің жұмыскерлері туралы айтып береміз. Бүгін біздің айдарымыздың кейіпкері Атамбаева Алтынай Мақұлбекқызы.
Алтынай Мақұлбекқызы – «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы табиғи ортаның ластануына мониторинг жүргізу зертханасының жетекші инженері. 1966 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
1985 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының Тұтқыр заттардың химиялық технологиясы факультетіне түседі. 1991 жылы «Қазгидромет» Шымкент гидрометеорология орталығына табиғи ортаның ластануына мониторинг жүргізу зертханасына техник-химик лауазымына қабылданды. 1992 жылы осы зертхананың инженер-химигі лауазымына ауыстырылды. 2010 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының ТБЛМЗ жетекші инженері лауазымын атқарады.
Алтынай Мақұлбекқызы білікті маман бола отырып, қолданыстағы стандарттарға, сондай-ақ заманауи ғылым мен техниканың жетістіктеріне сәйкес келетін жұмыстардың жоғары сапасы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.