«Біздің мамандар» айдары

IconЖарияланды 18.09.2020

«Қазгидромет» РМК «Біздің мамандар» атты жаңа айдар ашады, онда Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінің жұмыскерлері туралы айтып береміз. Бүгін біздің айдарымыздың кейіпкері Ганиева Лилия Гайсовна.

Лидия Гайсовна 1959 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Казан химия-технологиялық институтын бітірді. «Қазгидромет» РМК аймақтық филиалына Лидия Гайсовна 2011 жылы жұмыс істеуге келді. Павлодар қаласының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының жерүсті суларының жай-күйін бақылау тобының 1-санатты инженер-химик лауазымына қабылданды. Бір жылдан кейін сол зертхананың 1-санатты инженер-химик лауазымына ауыстырылды. «Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалында жұмыс істеген уақытта Л.Г. Ганиева өзін білімді, сауатты және атқарушы маман ретінде көрсете білді. Лилия Гайсовна экологиялық мониторинг мәселелерін жақсы біледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз