"Қазгидромет" РМК "Дүниежүзілік тазалық күні" жаһандық акциясына қатысты

IconЖарияланды 19.09.2020

Биыл акция ҚР ЭГТРМ бастамасымен бір мезгілде бүкіл ел бойынша өтуде. Нұр-Сұлтанда шараға қатысушылар триатлон-паркте ағаш отырғызды, сондай-ақ автомобиль жолдарының бойындағы қоқыстарды жинады.
Елордалық гидрометеорологтар мен экологтар жағалау аймағын тазалау үшін Нұра-Есіл өзенінің контрреттегішіне де барды.
 
"Бұл ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берілген орман алқаптарында 2 млрд.ағаш, сондай-ақ бес жыл ішінде елді мекендерде тағы 15 млн. көшет отырғызу тапсырмасы аясында үлкен бүкілхалықтық акцияның бастамасы ғана. Ағаштарды отырғызу бүкіл ел бойынша жалғасады, - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Шараға сондай-ақ Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс вице-спикері В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

Сенбілікке "Қазгидромет" РМК-ның бардық облыстық филиалдары мамандары шықты.

Дәстүр бойынша "World Cleanup" 19 қыркүйекте бүкіл әлемде өтеді. Миллиондаған адамдар қоғамдық және қорғалатын жерлерді қоқыстан тазартады. Өткен жылы акция әлемнің 169 елінен адамдарды біріктірді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз