2020 жылғы 15-21 қыркүйек аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:
Қызылорда, Шымкент, Теміртау және Петропавл қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.
Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 53 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Рысқұлов көшесі, Шанхай ауданы маңында анағұрлым ластанған.
Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 174 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағы, Бостандық ауданында басым ластанған.
Атырау қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 87 жағдай тіркелді, қаланың ауасы Атырау филиалының жанында, Бигелдинов 10А, М. Әуезов даңғылы ауданы, Береке шағын ауданы, Береке өндірістік ауданы ластанған.
Балқаш қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 109 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ленин көшесі оңтүстікке қарай 10-үй ауданы анағұрым ластанған.
Жезқазған қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 43 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Сарыарқа көшесі 4Г, Желтоқсан көшесі 6 және М. Жәлел көшесі 4В аудандарында анағұрлым ластанған.
Нұр-Сұлтан қ.шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 81 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында анағұрлым ластанған.
Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.
Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг: