Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 29.09.2020

2020 жылғы 22-28 қыркүйек аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда, Шымкент және Павлодар қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 177 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Рысқұлов көшесі, Шанхай ауданы, Жанқожа батыр көшесі маңында  неғұрлым ластанған.

Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 43 жағдайы тіркелді, қаланың Лев Толстой к., 18, Шәкәрім даңғ., 79 аудандарында неғұрлым ластанған.

Қарағанды қ.шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 88 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №6 бекет (Архитектурная көш. 15/1) ауданында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ.шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 203 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекеттежәне 4 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі

  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетіндежүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз