Каспий теңізінің аймағы бірнеше климаттық белдеулермен қиылысады: солтүстік бөлігінде – климат континенталды, батысында – қоңыржай, оңтүстік-батысында – ылғалды субтропикалық, шығысында - құрғақ дала аймағы. Солтүстік бөлігі ауа температурасының тұрақсыздығымен және жауын-шашынның жетіспеушілігімен сипатталады.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,89 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,62 м төмендеп, минус 28,15 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,02 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,73 м дейін төмендеп, минус 28,27 м шамасында болады деп күтіледі.
Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-да Каспий теңізінің жағдайына бейімделген Дат гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану кезінде алынды. Есептеу кезінде теңіз деңгейін бақылау деректері және барикалық өрістің 24-120 сағатқа сандық болжамы қолданылды.
2020 жылғы 01-07 қазан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 05 қазандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.