Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 13.10.2020

2020 жылғы 06 - 12 қазан аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Павлодар қалаларында бір де бір ЛББ-да ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 155 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Есет батыр көшесі, Жанқожа батыр көшесі маңында  неғұрлым ластанған.

Алматы  қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 248 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы «Шаңырақ» ықшам ауданында, №26 мектеп, Жанқожа батыр к-сі., 202 басым ластанған.

Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 48 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы  Лев Толстой к-сі, 18, Шәкәрім даңғ., 79 аудандарында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 175 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі

  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз