Қазгидромет " РМК сервистік жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлайды

IconЖарияланды 27.10.2020

"Қазгидромет" РМК Ақтөбе қаласының тұрғындарын, AirKZ мобильді қосымшасын пайдаланушыларды Ақтөбе қаласының № 2 бекетінде (мекенжайы - Рысқұлов көшесі, 4) күкіртсутегі мен азот диоксиді мәндерінің және № 3 бекетте күкіртсутегінің (мекенжайы - Есет батыр көшесі, 109) пайда болғаны туралы хабардар етеді.

Бұдан бұрын, "Қазгидромет" РМК атмосфералық ауаның сапасын бақылау бекеттерінде азот диоксиді, күкіртті сутек бойынша деректердің қолжетімсіз екендігі туралы хабарлаған болатын. 2020 жылдың 26 қазанында Ақтөбе облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының қызметкерлерімен сервистік жұмыстан өткен қажетті жабдықтарды орнату бойынша іс-шаралар өткізілді.

Бекеттерде жабдық болмаған кезде атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізілді. Нәтижелер әлеуметтік желілерде жарияланады және тұрақты негізде сілтеме бойынша сайтта қол жетімді https://www.kazhydromet.kz/ru/ecology/ezhenedelnaya-informacionnaya-spravka-o-kachestve-atmosfernogo-vozduha

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз