Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аудандарынан келетін Антициклонның ықпалында болады. Оның келуімен тек шығыс пен оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кезеңнің басында елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.