2020 жылғы 27 қазан мен 02 қараша аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:
Қызылорда қалаласында бір де бір ШРД –дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.
Ақтөбе қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 282 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Рысқұлов көшесі, Есет батыр көшесі, Жанқожа батыр көшесі маңында неғұрлым ластанған.
Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 940 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Аль-Фараби атындағы ұлттық университеті аумағы, Бостандық ауданында басым ластанған.
Атырау қ. шекті – рұқсат етілген нормалардан асатын 83 жағдай тіркелді, қала ауасы Атырау филиалының жанында орналасқан,Бигелдинов 10А, М.Әуезов даңғылының ауданы, Береке шағын ауданы, Береке өндірістік ауданында неғұрлым ластанған.
Балқаш қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 83 жағдайы тіркелді, Ленина көшесі, №10 үйден төменірек аудандарында неғұрлым ластанған.
Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 446 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №6 бекет (Архитектурная көш. 15/1) ауданында неғұрлым ластанған.
Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 879 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.
Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.
Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.
Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.
Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг: