Каспий теңізі - деңгейі Әлемдік мұхиттан төмен жатқан және күрт ауытқуға бейім планетадағы ең ірі құрлықішілік ағынсыз су айдыны. Теңіз тасымайды. Жел қума -айдау құбылыстары (2-3 м-ге дейін) және толқын тәрізді тербелістер (амплитудасы 35 см-ге дейін; кезеңі 8-10 минуттан бірнеше сағатқа дейін) айқын көрінеді.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,73 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,53 м төмендеп, минус 28,15 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,07 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,78 м дейін төмендеп, минус 28,38 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 05-11 қараша аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 08 қарашадағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.