«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша агрометеорологиялық жағдайлардың онкүндік шолуларын тұрақты түрде шығарады және шолуды қысқартылған түрде өзінің ресми сайтында жариялайды.
Агрометеорологиялық бақылау нәтижелері бойынша қарашаның бірінші онкүндігінде қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар күздік бидай егістігін жинап аяқтауды тежеді.
Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік бидай өсірілетін аудандарда қазан айының соңында қоңыржай жылы ауа райы байқалды, түнгі уақытта -2-6°С дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда -10°С дейін, 1-2 күн бойы аздаған жауын-шашын жауды. Мұндай метеорологиялық жағдайлар жылу сүйгіш дақылдарды күздік бидай егістіктерін жинап аяқтауды біршама тежеді.
«Ерте егістіктерде күздік бидай дәннің өну кезеңінде – үшінші жапырақ, Алматы облысының Қырғызсай МС және Жамбыл облысының Құлан МС маңайындағы егістіктерде – түйіндік тамырлардың пайда болуы, жай-күйі барлық жерде жақсы және өте жақсы. 1 м2 өсімдіктердің орташа саны 155-400 дана, өсімдіктердің биіктігі 10 см жетеді», - деп атап өтті сарапшылар.
Сондай-ақ, жылу сүйгіш дақылдардың (қант қызылшасы, соя және мақта) жай-күйі жақсы, егін жинау жұмыстары жалғасуда.
Агрометеорологиялық жағдайларға қысқаша шолумен «Қазгидромет» РМК ресми сайтында https://kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy сілтеме бойынша өтіп танысуға болады.