Каспий теңізі қазаншұңқыр түбінің бедері бойынша үш бөлікке бөлінеді. Солтүстік бөлігінің шекарасы Маңғыстау түбегінің бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі одан Апшерон түбегінің шегіне дейін созылады, қалған аумақ оңтүстік бөлігін құрайды. «Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,62 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,81 м дейін төмендеп, минус 28,19 м шамасында болады деп күтілуде.
19-24 қарашадан бастап Пешная метеостанциясы ауданында желқума жағдайы сақталуда!
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,91 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,79 м дейін төмендеп, минус 28,25 м шамасынла болады деп күтіледі.
2020 жылғы 12-18 қараша аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді.
Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 17 қарашадағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.