Кезең ішінде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райын сақтай отырып, Солтүстік-батыс антициклон сілемі өз әсерін тигізуді жалғастырады. Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды, ол жауын-шашын әкеледі, кейбір аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.