ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің тапсырмасымен «Қазгидромет» РМК өз автоматты станцияларын әлемдегі ең ірі IQAir платформасына нақты уақыт режимінде қосу мәселесін шешті. 2020 жылғы қарашадан бастап Қазақстандағы атмосфералық ауаның сапасы туралы деректерді бүкіл әлем
https://www.iqair.com сілтемесі арқылы біліп отыра алады.
Ал ел тұрғындары үшін деректер 2018 жылдан бастап атмосфералық ауа мониторингінің интерактивті картасы (https://maps.hydromet.kz / ) мен «Қазгидромет» РМК AirKZ тегін мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.
IQAir жобасы UNEP халықаралық ұйымының, Greenpeace және UN-Habitat серіктестерінің қолдауымен жүзеге асырылды.