Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың қыркүйегінде «Қазгидромет» РМК басшылығының шешімімен Түркістан облысындағы «Шаян» МС ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, доцент Пайызхан Жолмендіұлы Қожахметовтың құрметіне аталды.
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында еске алу күніне орай Пайызхан Жолмендіұлын еске алу бөлмесі ашылды, онда оның көрнекті ғылыми еңбектері, құрмет грамоталары мен ұлттық және халықаралық конференциялардан баяндамалары жинақталған.
Пайызхан Жолмендіұлы 1956 жылы 17 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін география факультеті, «Метеорология» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылы Ленинград қаласында А.И. Воейкова атындағы Бас геофизикалық обсерваторияның аспирантурасын бітірді және «Метеорология, климатология және агрометеорология» мамандығы бойынша «Қазақстанның тау бөктеріндегі және таулы аудандарының жел энергетикалық ресурстары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Оның ғылыми еңбектерінің тізімінде 60-тан астам атаулар, ұлттық және халықаралық конференцияларда көптеген баяндамалары бар. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Атласындағы көптеген климаттық карталардың авторы.
1993 жылдан бастап Пайызхан Жолмендіұлы Қазақстандағы климаттың өзгеруін бағалау бойынша жұмыстарға қатысып, Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі және метеорологиялық ғылымы мен білімінің дамуына үлкен үлес қосты.
Құрмет тұтамыз және мәңгі есімізде сақтаймыз!