2020 жылдың желтоқсанында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК «Экосервис-С» ЖШС жеке бақылау желісінің 41 станциясынан атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратты біріктіру және орналастыру бойынша жұмыс жүргізді.
«Экосервис-С» ЖШС Алматы қаласында - 11 бірлік, Қарағанды қаласында - 10 бірлік, Теміртау қаласында - 10 бірлік, Жезқазған қаласында - 5 бірлік, Балқаш қаласында - 5 бірлік станция орнатты. «Қазгидромет» бақылау жүйесі 45 елді мекенде 140 бекетті құрайды. Бұған дейін ағымдағы жылы «Қазгидромет» Алматы қаласында орнатылған Павел «Александровтың» 10 датчигін біріктіруді жүргізген болатын. Қазіргі уақытта Алматы қ. атмосфералық ауасының сапасы туралы ақпарат 37 станциядан қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бойынша атмосфералық ауа сапасы туралы ақпарат «AirKZ» мобильдік қосымшасында және «Қазгидромет» РМК экологиялық ақпараттың интерактивті картасында көрсетіледі https://maps.hydromet.kz/.