Автоматты гидрологиялық кешен судың деңгейі мен температурасын автоматты түрде өлшеуге, алынған гидрологиялық ақпаратты сақтауға және қашықтағы деректер жинау орталығына беруге арналған.
Кешен келесідей қызметтерді орындайды:
- технологиялық параметрлерді белгіленген жиілікпен өлшеу;
- өлшеу нәтижелерін алғашқы өңдеу;
- нәтижелерді жадқа жазу және оларды сақтау;
- GSM-арнасы( SMS және GPRS сервистері), спутниктік арна бойынша деректерді жинау және өңдеу орталығына беру.
Автоматты гидрологиялық кешен құрамына кіреді:
- бұзуға қарсы қорғаныс үйшігі;
- деректерді жинау торабы;
- су ағын параметрлерін өлшеу құралдары:
- деңгей датчигі (радарлы, барботажды, гидростатикалық);
- температураны өлшеу датчигі;
- энергетикалық қамтамасыз ету құралдары;
- күн модулі;
- күн батареяларын зарядтау контроллері;
- аккумулятор батареясы;
- қуат түрлендіргіші.