«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Теңіз шексіз, бірақ мұнда желшегерме-желкөтерме құбылыстары -2-3 м дейін жақсы айқындалған.
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 27,90 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,90 м төмендеп, минус 28,29 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,03 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,80 м дейін төмендеп, минус 28,32 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 03-09 желтоқсан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 09 желтоқсандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.