Каспийді басқа ірі су қоймаларынан ерекшелейтін өзіне тән ерекшелігі - оның деңгейінің кең ауқымда өзгеруі. Палеогеографиялық, археологиялық және тарихи деректерге сәйкес, соңғы 3 мыңжылда Каспий деңгейінің өзгеру амплитудасы шамамен 15 м құрады.
«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,01 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 29,10 м төмендеп, минус 28,29 м шамасында болады деп күтілуде.
Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,03 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,80 м дейін төмендеп, минус 28,29 м шамасында болады деп күтіледі.
2020 жылғы 19-24 желтоқсан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.