2020 жылғы 28 желтоқсанға – 2021 жылғы 02 қаңтарға Каспий теңізідеңгейінің болжамы

IconЖарияланды 31.12.2020

 «Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,10 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,90 м төмендеп, минус 28,32 м шамасында болады деп күтілуде.

Каспий теңізінің орта бөлігінде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,03 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,82 м дейін төмендеп, минус 28,30 м шамасында болады деп күтіледі.

2020 жылғы 24-29 желтоқсан аралығындағы кезеңде Каспий теңізінің су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2020 жылғы 25 желтоқсандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті. Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз