Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7° төмен болды, суықтың ошағы Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8-10° дейін болды, тек елдің солтүстігі мен шығысындағы жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында болды. Дәл осындай суық ауа райы, аномалиясы 10-12° дейін 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалды.
Бірқатар метеорологиялық бақылаулар ішінде Нұр-Сұлтан қаласында ең суық күн 1929 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді, онда термометр бағаны түнгі уақытта -43,5°С дейін төмендеген. 2020 жылғы желтоқсанда ең төменгі температура -27°С (21 желтоқсан) құрады.
Елордада ең жоғары ауа температурасы 2008 жылдың 07 желтоқсанында байқалды және +4,5°C болды, ал 2020 жылы -5.0°С (11 желтоқсан) болды, осылайша абсолютті максимум жабылмады.
Республиканың барлық дерлік аумағында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәннен аз болды. Климаттық норма шамасында кей жерлерде ҚР солтүстік-шығысында, сондай-ақ елдің солтүстігі мен солтүстік-батысының жекелеген аудандарында байқалды. Жауын-шашынның таралуы бойынша 1984 және 2011 жж. желтоқсан айлары ұқсас болды.