Атмосфералық ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 19.01.2021

2021 жылғы 12 қаңтар айымен 18 қаңтар айы аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Петропавл қалаларда бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 2358 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы «Халык арена»мұз аренасы, Медеу ауданы, Думан мөлтекауданында басым ластанған.

Атырау қ. шекті жол берілетін нормаларынан асып кетудің 214 жағдайы тіркелді. Атырау қаласы бойынша ШРШ Бигелдинов көшесі, 10 А, Атырау филиалының жанында орналасқан (№6 п.), Сырдария 3 ауданында (№8 п.). Азаттық даңғылы мен Әуезов даңғылының бұрышы (№1п.), Сәтпаев даңғылы мен Владимирская көшесінің бұрышы (№5п.).

Өскемен қаласы шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 329 жағдайы тіркелді, қаланың Лев Толстой к., 18, Шәкәрім даңғ.,79, Рабочая к., 6, аудандарында неғұрлым ластанған.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің  1339 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №8 бекет (Пришахтинск ш.а.,3-  Кочегарка көш., 28 үй.) және №6 бекет (Архитектурная көш. 15/1) аудандарында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 1097 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

 

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне  мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз