Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы аумағындағы Қаратабан су айдынында балықтардың қырылуына байланысты 2021 жылғы 20 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының кешенді зертханасының мамандары «Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-мен бірлесіп Қаратабан су айдынындағы 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамасын алуды және талдауды ұйымдастырғанын және су айдынында оттегі тапшылығы (1,22 -1,41 мг/дм3) байқалатынын хабарлады.
Осы арқылы басты иондарды, биогендік, органикалық және бейорганикалық заттарды, ауыр металдарды талдау нәтижелері бойынша нормадан асып кету анықталмағанын хабарлаймыз.