Атмосфералық  ауаның сапасы туралы апталық ақпараттық анықтама

IconЖарияланды 26.01.2021

2021 жылғы 19 қаңтар айымен 25 қаңтар айы аралығында келесі көрсеткіштер тіркелді:

Қызылорда және Ақтөбе қалаларда бір де бір ШЖШ – дан ластаушы заттардың ШРШ-дан асып кету жағдайлары тіркелмеген.

Алматы қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 1458 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы «Халык арена» мұз аренасы, Медеу ауданы, Думан мөлтекауданында басым ластанған.

Өскемен қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 333 жағдайы тіркелді, қаланың Лев Толстой к., 18, Шәкәрім даңғ.,79, Рабочая к., 6, М.Тынышпаев к., 126 аудандарында неғұрлым ластанған.

Қарағанды қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің  1151 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы №8 бекет (Пришахтинск ш.а.,3-  Кочегарка көш., 28 үй.) және №6 бекет (Архитектурная көш. 15/1) аудандарында неғұрлым ластанған.

Нұр-Сұлтан қ. шекті рұқсат етілген нормалардан асып кетудің 468 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, Шапағат коммуналдық базарының аудандарында неғұрлым ластанған.

Қалған қалаларда ластаушы заттардың жекелеген түрлері бойынша ШРШ-дан елеусіз асып кету жағдайлары тіркелді.

Экстремалды-жоғары (20 ШРШ-дан астам) ластану жағдайлары бірде-бір ШРШ тіркелген жоқ.

Кестелерде қалалар бойынша ластаушы заттардың орташа тәуліктік шоғырлануы туралы ақпарат берілген.

Атмосфералық ауаның жай-күйіне  мониторинг:

  • Ақтөбе қаласында 6 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Алматы қаласында 16 бекетте, оның ішінде 11 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Атырау қаласында 5 бекетте, оның ішінде 3 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Балқаш қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте  және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Өскемен қаласында 7 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 5 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Жезқазған қаласында 3 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Қарағанды қаласында 8 бекетте, оның ішінде 4 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Қызылорда қаласында 3 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 1 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Нұр-Сұлтан қаласында 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Павлодар қаласында 7 бекетте, оның ішінде 5 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Петропавл қаласында 4 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 2 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі
  • Теміртау қаласында 4 бекетте, оның ішінде 1 автоматты бекетте және 3 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
  • Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 2 автоматты бекетте және 4 қолмен сынама алу бекетінде жүргізіледі.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз