Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады. Жауын - шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.