Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2021 жылғы қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-5° төмен болды, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында – норма шамасында, республиканың батыс өңірлерінде және қиыр оңтүстігінде нормадан 1-2° жоғары болды.
Желтоқсан аяздары жаңа жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде әлі де сақталды, бірақ екінші және үшінші онкүндіктерде елордада түнде температуралық фон -10-15°С дейін көтерілді, тек кейбір күндері -20-25°С шамасында аяз болды, ал айдың соңында аяз толығымен шегінді, термометр бағаны -6,1°С көрсетті.
Мысалы, айдың бірінші онкүндігінде Сібір антициклонының күшеюімен және Батыс Сібір аудандарынан суықтың кезекті бөлігімен 09 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында түнде -31,3°С тіркелді, алайда 1893 жылғы қаңтардың абсолюттік минимумы -51,6°С асып түспеді.
Айдың аяғында Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығарылуымен Қазақстанның барлық аумағында күннің жылынуы байқалды. Елордада 31 қаңтарда күндіз термометр + 3.4°С белгісіне жетті, тағы да абсолюттік максимумнан асып түспеді (1948 жылы+5,0°С байқалған).
Қаңтарда қар аз түсті, тек республиканың солтүстігінде, шығысында, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында жауын-шашын норма шамасында және 1,3-2,4 есе көп түсті. Жауын-шашынның таралуы бойынша осыған ұқсас ауа райы 1985 және 1996 жылдары, ал температуралық фон бойынша 1998 және 2012 жылдары болды.