«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі деңгейінің болжамын жасайды.
Орта Каспийде теңіз деңгейінің ауытқуы ең жоғарғы белгі минус 28,01 дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,84 м дейін төмендеп, минус 28,35 м шамасында болады деп күтілуде.
2021 жылғы 04-10 ақпан аралығындағы Каспий теңізі су бетінің нақты жай-күйі алдыңғы апталық болжамға сәйкес келеді. Ең ірі тұйық су айдынының визуалды жағалау сызығы 2021 жылғы 2 ақпандағы ғарыштық суретте көрсетілген. «NASA» жобасының суреті.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның https://www.kazhydromet.kz/kaspiyskoe-more/ezhenedelnyy-obzor-sostoyaniya-poverhnosti-kaspiyskogo-morya сайтында көрсетілген.