2021 жылы "Қазгидромет" РМК ҚР қоршаған ортасының жай-күйі туралы ай сайынғы ақпараттық бюллетень шығару форматын өзгертті.
Жаңа форматта бюллетень республика бойынша бірыңғай құжатпен ғана емес, әрбір облыс бойынша жеке-жеке шығатын болады. Құжатты аймақтарға бөлу қажетті ақпаратты іздеуді жеңілдетеді және тұтастай алғанда құжаттың көлемін азайтады. Жаңа форматқа өткен жылдармен салыстырғанда аналитика қосылды, бұл қоршаған орта объектілерінің айырмашылығы мен өзгеру тенденцияларын көруге мүмкіндік береді. Қоршаған орта объектілерінің метеорологиялық жағдайлармен өзара байланысын толық сипаттау. Мамандар нақты уақыт кезеңінде, елді мекендер мен су объектілері бойынша жеке қоршаған орта объектілерінің ластануы бойынша жалпы қорытындылар береді.
Бюллетеньдер пайдаланушылар үшін әдеттегі "Қазгидромет" РМК ресми сайтының "Экология" бөлімінде орналастырылатын болады https://www.kazhydromet.kz/ru/ecology/informacionnye-byulleteni-o-sostoyanii-okruzhayuschey-sredy-respubliki-kazahstan.
"Қазгидромет" болашақта бюллетеньді жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстарды қарастыруға дайын. Өз пікірлеріңізді электрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз press@meteo.kz.